Қазақстанда Smart Bridge интеграциялау платформасы іске қосылды

Қазақстанда Smart Bridge интеграциялау платформасы іске қосылды

Smart Bridge платформасы мемлекеттік органдарға өздерінің деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін жылдам интеграциялауға көмектеседі.

Бұл жүйе Эстонияның тәжірибесі бойынша әзірленген және интеграциялық үдерістерді жүргізу кезінде мемлекеттік органдар арасындағы бюрократияны болдырмауға, жүйелерді интеграциялау процесіне жұмсалатын қаражатты үнемдеуге, бизнес-компанияларға жаңа сервистер құруға мүмкіндік береді.

"Интеграция қажет және бұл туралы барлықдеңгейдекөп айтылуда. Өйткені, мемлекеттік қызметтерді одан әрі автоматтандыру және оңтайландыру тікелей осыған байланысты. Биыл мемлекеттік органдар 100-ден астам интеграция жүргізіп, е-қызмет санын 90%-ға жеткізуі тиіс. Сондықтан, біз аталған процесті тездетіп жүргізуүшін осы платформаны әзірледік", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Бүгінде платформаға интеграциялау процесін тездетуге мүмкіндік беретін 300-ден астам сервис орнатылған. Жүйенің арқасында мемлекеттік органдар бір-біріне бума-бума құжат әзірлеп, бірнеше айға созылатын ұзақ келісімдер жүргізбейді. Интеграциялау кезіндегі бюрократиялық мәселелерді реттеу үшін Smart Bridge арқылы бір ғана өтінім жолдаса жеткілікті. "ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұрын бұл мәселелерді реттеу жұмыстары 6 айға жуық уақытқа созылған.

"Интеграция туралы уағдаласу үшін мемлекеттік органдар бір-біріне құжаттар пакетін, келісімдерді әзірлейді... осының барлығы ұзақ қаралып келісіледі, кейде ол жарты жылға дейін созылады. Енді жүйе арқылы өтінім жіберу жеткілікті және ақпарат (деректер қорының) иесі 5 күн ішінде интеграция бойынша өз жауабын беруі тиіс. Мемлекеттік органдардың бір-біріне хат жазуықажет емес", - деп түсіндірді Тұрысов.

Бұдан басқа, платформа интеграцияға жұмсалатын шығындарды азайтады. Мемлекеттік органдар мен жеке компанияларғаминистрліктер мен ведомстволардың сервистерімен интеграциялау үшін платформадағы дайын бағдарламалық құралдарды тегін пайдалануына мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жеке компаниялар мемлекеттік органдардың сервистерімен ықпалдасу арқылы өз клиенттеріне жаңа қызметтерді ұсына алады.

Бұл платформа азаматтардың келісімінсіз олардың жеке деректері туралы ақпаратты жария етпейді.

"Интеграциялау" дегеніміз - онлайн-режимде ақпарат алмасу үшін мемлекеттік органдардың түрлі сервистерін өзара біріктіру. Интеграция қызметтерді автоматтандыру үшін қолданылады, өйткені бір қызметті электрондық форматқа  ауыстыру үшін, әдетте  5, 10 және одан да көп интеграция жүргізу қажет.

Мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері платформаға www.sb.egov.kz сілтемесі арқылы тіркеле алады.