Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын дайындау туралы

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын дайындау туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасының 119-тармағын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі, экология, жер қойнауын пайдалану, орман, су және жер қоры саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты) әзірленді.  

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азық-түлік, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды (орман, су) қорғау саласындағы стратегиялық функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылуын ескере отырып, ғарыштық мониторингті мемлекеттік деңгейге шығару мемлекеттік органдарға басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылаудың ашық, тиімді тетіктерін алуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ғарыш қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Таяудағы уақытта Реттеу саясатының консультациялық құжаты жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылатын болады.