
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 8 тамызда сағат 15.00-да Қызылорда облысының халқымен кездеседі. Кездесу Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев 24 көшесі Достық Үйінде өтеді. Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы қатыса алады. Сонымен қатар, 9 тамызда сағат 13.30-да Байқоңыр қаласында Абай даңғылы, 16А Әкімшілік ғимаратында азаматтарды қабылдайды.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7 33622 75013 және +7 777 178 70 27 телефондары және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.