Бағдат Мусин Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі

Бағдат Мусин  Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің  «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 29 шілдеде сағат 10.00-де Талдықорған қаласындағы ХҚКО-да Н.Назарбаев даңғылы, 67б азаматтарды қабылдайды, сонымен қатар сағат 11.30-да Жетісу облысының халқымен кездеседі. Кездесу Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында өтеді, Көктем 24 шағын ауданы. Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы қатыса алады.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар:  +7 7282 24 71 40 телефоны және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.