Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек 1 шілдеде сағат 09.30-да Теміртау қаласындағы ХҚКО-да Блюхер 23 көшесінде азаматтарды қабылдайды, сонымен қатар сағат 11.00-де Республика даңғылы 38, Мәдениет сарайында Қарағанды облысының халқымен кездеседі. Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы қатыса алады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7 701 526 61 42 (whatsApp) телефон және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.