Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бір құжатпен реттелетін болады

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бір құжатпен реттелетін болады

Бұл жаңалықты «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасын бекіту және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтарының және құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,  инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының әзірленген жобасына енгізу ұсынылуда.

Егер бұрын мемлекеттік қызметті алушы, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті реттейтін стандартты және регламентті, сондай-ақ ілеспе нормативті құқықтық құжатын қараса,  қазір бір құжатты ашып қажетті ақпаратты ала алады (мемлекеттік қызмет мерзімі, өтініш нысаны мен шығатын құжат, қажетті құжаттар тізімі, қай мемлекеттік орган аталған мемлекеттік қызметті атқарады дағы да басқа ақпараттар).

Бұйрық жобасын қабылдау нәтижесі әлеуметтік–экономикалық және құқықтық келеңсіздіктерге әкелмейді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат шығындарын  қажет етпейді.