
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 24 маусымда сағат 9.30-де Павлодар қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-да Космонавтар 2 көшесінде азаматтарды қабылдайды, сонымен қатар сағат 11.00-де Павлодар облысының халқымен кездеседі. Кездесу Ломов көшесі 64 көшесінде орналасқан Торайғыров Университетінде өтеді. Сондай-ақ, Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы қатыса алады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар +7 705 162 02 46 (whatsApp) телефон және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.