Қазақстан мен Түркия ғарыш саласындағы ынтымақтастықты белсенді етуге ниетті

Қазақстан мен Түркия ғарыш саласындағы ынтымақтастықты белсенді етуге ниетті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Түркия Ұлттық ғарыш агенттігінің президенті Сердар Хусейн Йылдырыммен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ғарышты бейбіт игеру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін  атап өтті. Тараптар өзара іс – қимылдың әлеуетті бағыттарын атап өтіп, басты мақсат – екіжақты ғана емес, көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастық орнату екенін айтты.

Бұл кездесу ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жақында Түркия Республикасына жасаған жұмыс сапары кезінде өткізген келіссөздердің жалғасы екенін айтып өткен жөн.