Қазақстандықтар өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін тексеретін сервисті белсенді қолдануда

Қазақстандықтар өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін тексеретін сервисті белсенді қолдануда

Енді қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады. Бұл қызмет  imei.rfs.gov.kz/checkiin/  сілтемесі бойынша қолжетімді.

Абонентке тіркелген нөмірлер санын білу үшін оның ЖСН-ын енгізу қажет. Жүйе автоматты түрде тіркелген нөмірлер санын және қандай ұялы операторды да көрсетіп береді.

Телекоммуникациялар комитеті абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгенін анықтаған жағдайда белгісіз нөмірді байланыстан ажыратуды  ұсынады.

«Бізге азаматтар өз аттарына белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгені туралы  жиі шағымданады. Сондықтан да біз қазақстандықтарға өз атына тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз, себебі сіз сол нөмірді пайдаланғаныңыз  үшін жеке жауапкершілік аласыз», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.