
Бұл жаңалықты «Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұйрығының әзірленген жобасына енгізу ұсынылуда.
Тұтас алғанда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тек электрондық форматта беру бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 20 жұмыс күнінен 9 жұмыс күніне дейін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізу қарастырылған.
Бұл жаңалық «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысының 627-тармағында көрсетілген, онда «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметі электрондық нысанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Бұйрық жобасын қабылдау нәтижесі әлеуметтік–экономикалық және құқықтық келеңсіздіктерге әкелмейді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат шығындарын қажет етпейді.