Сенаторлар IT саласындағы инновациялық экожүйенің даму барысымен танысты

Сенаторлар IT саласындағы инновациялық экожүйенің даму барысымен танысты

ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева басқарған бір топ сенатор бүгін Назарбаев Университетінде және халықаралық IT стартап паркі Astana hub-та болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе - Қазақстанның  IT саласындағы инновациялық экожүйенің даму деңгейі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен стартаперлер парламентшілерді соңғы жылдары инновация саласында қол жеткізген жетістіктерден хабардар етті. Сондай-ақ, депутаттар стартаперлердің жасап шығарғанына көп уақыт бола қоймаса да, мемлекеттің қолдауының арқасында жұмыс істеп, инвестиция тартып, экспортқа шығып жатқан  жобалармен танысты.

Мысалы, Astana Hub қатысушылары мен стартаптары жұмыс істеген алғашқы жылдың ішінде елге 16 млрд.теңгеден астам инвестиция тартып, 149 жұмыс орнын ашты. Қазірдің өзінде 7 стартап АҚШ, Сингапур, Ресей және ТМД елдерінің нарықтарына шығуда.

Бүгін, сондай-ақ  саланың   проблемалық тұстары, оның ішінде жаңа технологияларды пайдалануды реттеу, жас кәсіпкерлерді қолдау, ғылым жетістіктерін экономикада белсенді түрде қолдану мәселелері де айтылды.