ҚР ЦДИАӨМ «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» (бұрынғы Қолданбалы математика институты) ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс туралы хабарландыру

ҚР ЦДИАӨМ «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» (бұрынғы Қолданбалы математика институты) ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, блок С2.4 (пошталық мекенжайы: 000001, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, блок С2.4, анықтама телефоны: 8-71-72-649-159, e-mail: konkurs@mdai.gov.kz) «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» (бұрынғы Қолданбалы математика институты) ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) бас директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.  

  • Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, блок С2.4, 2022 жылғы 3 наурыздан бастап.
  • Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы - «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» (бұрынғы Қолданбалы математика институты) ШЖҚ РМК, 100028, Қарағанды қаласы, Университетская көшесі 28а, телефон (7212) 35-60-78.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық технологиялар, ғылыми зерттеулер, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру.

  • Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Тиісті мамандық бойынша жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіпорын бейіні бойынша басшы лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Қазақстан Республикасының заңнамасын және кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

Ұйымның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауап береді.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: 2022 жылғы 16 ақпаннан бастап 2022 жылғы 2 наурызға дейін.
  • Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады - 2022 жылғы 16 ақпан.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды (жеке немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде) тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.