
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері мен әкімдердің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында білім беру, көлік және әлеуметтік саланы цифрландыру нәтижелері мен жергілікті жүйелерді, қызметтерді интеграциялау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар облыстарда енгізілетін бірқатар жобаларды ұсынып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың аралық нәтижелері мен іске асырылып жатқан бағдарламалар, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану есебінен ел экономикасының даму қарқынын жеделдетуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы туралы айтты.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әкімдіктерге цифрлық жобаларын келісу және бекіту үшін, сондай-ақ оларды іске асыру үшін бюджетті қарастыруда бірқатар міндетті шаралардың орындалуы қажет екендігі тағы бір рет ескертілді.
Сонымен қатар, әкімдіктер пайдаланатын сервистік бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтан өтуі тиіс деген мәселеге ерекше назар аударылды.