
Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлі киберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде.
Жекелеген интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильді құрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.