«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» ТЗ көмегімен «Прогресс МС-11» ТЖК ұшырылды

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» ТЗ көмегімен «Прогресс МС-11» ТЖК ұшырылды

2019 жылы 4 шілдеде Астана уақыты бойынша 17 сағат 01 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» тасымалдығыш зымыран көмегімен «Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесі сәтті ұшырылды.

Ұшырылым «Союз» зымыран тасығышы бастау алар кешенінен «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-алаңынан бастау алды және штаттық режимде өтті.

«Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Ұшырылымның мақсаты: Халықаралық ғарыш стансасына экипаж жұмысының тіршілігіне және станцияның жұмыс істеуіне қажетті жанармай, азық-түлік, су секілді жүктерді жеткізу.

«Прогресс МС-11» транспорттық жүк кемесін ресейлік «С.П. Королева атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы құрастырған және ол орбиталдық стансаны жабдықтау үшін «Союз» зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығатын пилотсыз транспорттық жүк кемесінің сериясына жатады.