
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Cisco желілік академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін онлайн оқу курстарын ұйымдастырып отыр. Мұндағы басты мақсат - тыңдаушылардың ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерден хабардар болу деңгейін арттыру.
2019 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейін Қазақстанның 20-дан астам мемлекеттік және 17 жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері тегін оқытылады. 5 аптаға есептелген оқыту бағдарламасы 5 бөлікен тұрады.
Cisco желілік академиясының оқу бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші мемлекеттік қызметшілер бағдарлама сайтына кіріп, тіркеле алады. Қазақ тілінде оқушылар үшін https://www.netacad.com/ru/web/self-enroll/course-853836, орыс тілінде оқушылар үшін https://www.netacad.com/ru/web/self-enroll/course-851628 сілтемелері арқылы тіркелу қажет.