
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ұлыбританияның мемлекеттік цифрлық қызметі цифрлық үкімет саласындағы өзара түсіністік меморандумына қол қойды.
Құжат тараптардың цифрлық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа мүдделілігі мен дайындығын айқындайды. Ынтымақтастықтың мақсаты-мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бизнес-процестердің тиімділігін арттыру, олардың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлыбританияның отандық электрондық үкіметті дамытудағы тәжірибесін пайдалану.
Қазақстан делегациясын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов басқарды.
"Электрондық үкіметті" дамыту Цифрлық Қазақстанды құрудың міндетті компоненттерінің бірі болып табылады. Ұлыбританияның мемлекеттік цифрлық қызметінің халықтың мемлекетпен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бөлігіндегі тәжірибесі әлем бойыша табысты болып есептеледі және біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Қазақстандық тарап "цифрлық" үкіметті құру қолданушылардың қажеттілігінің негізінде жүзеге асырылған – яғни механика қолжетімді, интуитивті пайдалануды ескере отырып әзірленуі тиіс деген көқарасты ұстанады. Өзара түсіністік туралы меморандум аясында цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу қарастырылған және біз цифрлық өнімдерді, инновациялық және технологиялық компоненттерді басқару, енгізу тәсілдерін қалыптастыру бойынша үздік тәжірибені қабылдауға ниеттіміз",-деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов.
Сонымен қатар, қазақстандық делегацияның өкілдері Bloomberg компаниясының штаб-пәтерінде "дамушы нарықтар мен тәуекелі жоғары нарықтар" форумына қатысты. Форум қатысушылары әлемдік экономикадағы дамушы нарықтардың рөлін талқылады және өсу мүмкіндіктері мен тәуекелдері және әлеуетімен бөлісті.
Бұдан өзге, Британдық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізіліп, цифрландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Анықтама:
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі – 2004 жылы дамудың негізгі кезеңдерін айқындайтын Электрондық үкіметті қалыптастырудың бағдарламасы бекітілді. 2006 жылы Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы «egov.kz» іске қосылды.
Бүгінгі күні Қазақстанда электрондық үкіметтің архитектурасы мен инфрақұрылымы, нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты. Барлық қажетті базалық компоненттер, деректер базасы, мемлекеттік және мемлекетаралық шлюздер құрылды. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен қызметтер халыққа қолжетімді. Электрондық үкімет инфрақұрылымының базасында 900-ден астам қызметтер мен сервистер ұсынылады.
Электрондық үкіметті дамытудың келесі кезеңі - "ақылды" немесе «белсенді үкімет» деп аталады. Бұл кезеңде азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу үшін сұраулар жіберу керек. Белсенді Үкіметтің құралдары өмірлік жағдайларды қадағалауға және азамат үшін қажетті процестерді орындауға мүмкіндік береді, азаматқа бұл үшін осы әрекеттерді растау жеткілікті. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Мобильді байланыс пен мобильді технологиялардың өмірімізге белсенді түрде енуін ескере отырып, электрондық қызметтерді көрсету инфрақұрылымын дамытудың тағы бір маңызды кезеңі мобильді қосымшаны және халықпен коммуникацияның жаңа арналарын іске қосу жүзеге асырылуда. Мобильді қосымша iOS және Android смартфондары мен планшеттері үшін қолжетімді, олардың көмегімен 80-нен астам электрондық қызметтерді алуға болады.
Мемлекеттік цифрлық қызмет (GDS) - Министрлер кабинетінің бір бөлігі болып табылады және Мемлекеттік цифрлық трансформациялаумен айналысады. GDS үкімет тұжырымдамасын платформа түрінде – Цифрлық үкіметтің жаңа форматы, цифрлық жүйелердің базалық инфрақұрылымы, пайдаланушыға бағдарланған мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болатын технологиялар мен процестер түрінде ілгерілетеді.