«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 6 адам, оның 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 4 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы азаматтары. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа және байқаушы ретінде қатысу үшін:
1) нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына және байқаушы ретінде ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес (қоса беріледі) Министрліктің атына хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жіберілуі тиіс.
Конкурстың өткізілу мерзімі: 2022 жылғы 12 тамызға дейін.
Байланыс мәліметтері:
Е-mail: a.dosumova@mdai.gov.kz.
64-94-75 нөміріне хабарласыңыз.