Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен (бұдан әрі – Қағида) бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 24 ақпан 10 наурыз аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), +7 (7172) 64-91-07, 61-33-23 анықтама телефоны, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 55/5-ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды:
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін министрлігі аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi.
Егер:
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;
2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;
3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;
4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды. Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi. Министрлігі қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.