Меню

Страницы

Статья

Телекоммуникация және байланыс

Бүгінгі таңда Қазақстанда байланыс саласы үш бағытта ұсынылған: телекоммуникация, интернет және пошта байланысы.

Телекоммуникация

Қазіргі уақытта Қазақстанда бекітілген байланыстың 2,5 млн. абоненті тіркелген, яғни бұл стационарлық телефонды пайдаланатын адамдар.  Бұл ретте, жыл сайын телекоммуникация нарығының жалпы көлеміндегі бекітілген байланыс үлесі ұялы байланысқа орнын бере отырып, төмендеуде. Ұялы байланысқа келетін болсақ, бекітілген абоненттер саны 25,8 млн. асты.

2011 жылы елімізде 3G стандартының байланысы енгізілген кезде сала ұялы байланыстың дамуына айтарлықтай серпін алды. 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандартында байланыс қызметтерін ұсына бастады. 2019 жыл ішінде Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Тестілеудің алғашқы нәтижелері оң болды және сарапшылар Қазақстан аумағында 5G технологиясын енгізуге дайын екендіктерін хабарлады.  

Қазіргі уақытта телекоммуникация нарығында қалааралық және халықаралық телефон байланысы, Интернет желісіне қол жеткізу, спутниктік жылжымалы байланыс қызметтерін ұсынатын 20-ға жуық байланыс операторлары, сондай-ақ 3 ұялы байланыс операторы жұмыс істейді.

Интернет

Халықты Интернет желісіне жаппай қол жеткізумен қамтамасыз ету – байланыс саласын, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын дамыту жөніндегі негізгі міндеттердің бірі. Қазақстандықтардың сапалы интернетте қажеттілігін қанағаттандыру үшін бүгінгі күні төмендегідей сымсыз және сымды технологиялар қолданылады: ADSL, FTTN, 3G, 4G/LTE, CDMA/EVDO және т. б. Бүгінгі күні компьютерлер арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетке қол жеткізе алатын абоненттер саны – 2,5 млн. адамды құрайды.

Бірақ Интернеттің негізгі тұтынуы ұялы байланыс желісі арқылы жүзеге асырылатынын атап өту керек. 2019 жылдың 1 желтоқсанына Интернетке мобильді кеңжолақты қатынау абоненттерінің саны 14,9 млн. құрады.

Ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты Интернетпен одан әрі қамтамасыз ету үшін бүгінде елімізде екі ірі жоба іске асырылуда. Оларды іске асыру нәтижесінде Интернетке кеңжолақты қатынауға халық саны 250 және одан да көп адам болатын барлық ауылдық елді мекендер ие болады. 250 адамнан аз тұратын ауылдарда спутниктік байланыс, радиорелелік байланыс, 3G/UMTS, радиомосттар сияқты баламалы технологияларды пайдалана отырып қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с кем емес Интернетке кеңжолақты қатынау мүмкіндігін 2022 жылдың соңына дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Пошта байланысы

Пошта байланысы ауылдық аумақтар халқының ақпаратқа және қаржылық қызметтерге қол жеткізу үшін физикалық арналардың бірі болып табылады. Республика аумағында 3448 пошта бөлімшесі жұмыс істейді.

2018 жылы Министрлік ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын әмбебап байланыс қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізді.

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
27 января 2020
Тип

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Шымкент қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Алматы қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы