Меню

Страницы

Статья

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2024 жылғы «__»_________

№_____бұйрығына қосымша

 

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары

 

№ р/с

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл саласындағы заңнамасының және  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
әдеп кодексін
ің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша
консультациялық көмек көрсет
у іс-шаралары

1.1.

Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың  және
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша
(мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы; қызметтік тәртіп;  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі; мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері; мемлекеттік қызметті тоқтату; қаржылық бақылау шаралары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер; мүдделер қақтығысы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық.) консультациялық көмек көрсету

Үнемі

Тренинг, кездесу, дөңгелек үстел,

семинар

(іс-шара нысаны қажеттілікке қарай анықталады)

1.2.

Мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын
(кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету

2024 ж.

тамыз айына дейін

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен
zoom-конференция немесе кездесу

1.3.

Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы консультациялық көмек көрсету

Мемлекеттік қызметшінің өтінімі бойынша

Ақыл-кеңес беру,

Агенттік және мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары қызметкерлерімен  zoom-конференция немесе кездесу

1.4.

Мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары бойынша консультациялық көмек көрсету

Мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде

2. Заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға ықпал ету іс-шаралары

2.1.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау:

1) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу;

2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу;

3) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу; 4) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану;

5) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу;

6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану;

- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау;

- мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша  оқыту жұмыстарын  ұйымдастыру.

Лауазымға тағайындалған уақыттан бастап

бір айдың ішінде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша бейнекурс немесе онлайн-оқыту жүргізу

 

2.2.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы,
сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайын зерделеу

2024 ж.

желтоқсан айында

Мемлекеттік орган басшысына  және

Агентікке ақпарат

2.3.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға қатысты кәсiпкерлiк қызметпен айналысу жөніндегі шектеудің сақталуы және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелерін зерделеу

Лауазымға тағайындалған уақыттан бастап

үш айдың ішінде

Мемлекеттік орган басшысына  және

Агентікке ақпарат

2.4.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және  әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастыру

Тоқсан сайын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, уәкілетті органдар және Агенттік қызметкерлерімен кездесу; жиналыс; бейнеролик көру; 
дәріс оқу

(іс-шара нысаны қажеттілікке қарай анықталады) 

2.5.

Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын  жүргізу

Мереке күндерінің алдында

Хаттарды жолдау немесе басқа да амалдармен тиісті ақпаратты жеткізу

2.6.

Орталық мемлекеттік органның алқа отырыстарында немесе жергілікті атқарушы орган (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің отырыстарында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы мәселелерін қарауды ұйымдастыру

Жыл ішінде 1 рет

Орталық мемлекеттік органның алқа отырысы немесе  жергілікті атқарушы орган (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің отырысының хаттамасы

3. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын (бұзушылықтарға шаралар қабылдамау жағдайларын) талдау,

мониторингтеу және бақылау іс-шаралары

3.1.

Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерге қатысты олардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына жүргізген мониторингінің нәтижелері бойынша:

- қоғамда резонанс тудырған қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алған немесе олардың қайталану тенденциясы байқалатын мемлекеттік орган ұжымдарымен профилактикалық жұмыс жүргізу;

- жеке бастың құқықтарына, қоғамдық тәртiпке, имандылыққа қол сұғатын және көліктегі әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, сондай-ақ әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс жүргізу.

2024 ж. 2-ші жарты жылдығында***

 

Профилактикалық әңгімелесу, сауалнама, мемлекеттік органның отырыстарында құрылымдық бөлімше басшыларының есебін тыңдау, жекелеген қызметкерлерді жазбаша ескерту, құқық бұзушылық жасауға тосқауыл болатын ғылым мен техника жетістіктерін қолдану

3.2.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 443, 444, 449, 450) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тиісті қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау  немесе профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша шара қолдану

2024 ж. 3 тоқсаны

 

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

3.3.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіп,  құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға  талдау жүргізу

2024 ж. 4 тоқсаны

 

Мемлекеттік орган басшысына  құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

 

3.4.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі  жарияланымдарға  мониторинг жүргізу және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру

Үнемі

Мемлекеттік орган басшысына және Агентікке ақпарат

4. Азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимыл жасау іс-шаралары

4.1.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мәселелері бойынша баспа басылымдарында мақалалар жариялау

Жыл ішінде 2 рет

Мақала

4.2.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мәселелері бойынша өңірлік және республикалық телеарналарда сөз сөйлеу

Жыл ішінде 2 рет

Телебағдарламаларда сөйлеу, сұхбат беру

4.3.

Мемлекеттік қызметшілерден және азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған волонтерлер топтарымен мемлекеттік органның міндеттерінен туындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру

Үнемі

Агентікке ақпарат

4.4.

Азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін «Ашық есік күні» науқанын өткізуді ұйымдастыру

2024 ж.

тамыз айында

Агентікке ақпарат

4.5.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған  мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау  

Үнемі 

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде бейнематериалдар,  жарияланымдар

5. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға

және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар

5.1.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама және мониторинг жүргізу (мәселен,  еңбекақы,  бонустар,  материалдық көмек,   жыл сайынғы еңбек демалысы,  іссапар шығындары,  мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер,  қызметші қайтыс болған жағдайдағы  бiржолғы жәрдемақы,  ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік қызметшілерге заңнамада көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары және т.б.) және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру 

Жыл ішінде 2 рет, маусым және желтоқсан айларында

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

және Агентікке ақпарат

5.2.

Қызметтік әдепті бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың мәніне жасалған талдау қорытындысы  бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылу жағдайлары бойынша басшылыққа тиісті ұсыныстар  енгізу

 

2024 ж.

қазан айында

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

және Агентікке ақпарат

6. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін
өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу іс-шаралары

6.1.

Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша іс-шараларды  ұйымдастыру

Жыл бойы 

Агентікке ақпарат

6.2.

Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсартуды анықтау үшін сауалнама жүргізуді  ұйымдастыру

Тоқсан сайын 

Мемлекеттік орган басшысына ұсыныс

 және Агентікке ақпарат

6.3.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу жөнінде құрылымдық бөлімше басшыларына ұсынымдар енгізу

Мереке күндеріне орай

Заңнамамен көзделген көтермелеулер

6.4.

Жеке және заңды тұлғалардан, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдардың себептеріне талдау жасау және оның қорытындысы бойынша басшылыққа ұсыныс енгізу

Тоқсан сайын 

Мемлекеттік орган басшысына

ақпарат

 

Агенттік – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

 

* Үлгілік жоспардың орындалуы жөніндегі ақпаратты Агенттікке тоқсан сайын (тоқсан сайынғы есебімен) жолдау.

** Әдеп жөніндегі уәкіл қажет деп санайтын басқа да іс-шаралармен Үлгілік жоспарды толықтыруға болады.

*** Профилактикалық жұмыс тиісті фактілер анықталған уақыттан бастап 6 айға дейін, әр екі ай сайын 1 рет  өткізіледі. Егер, оң нәтижелер болмаған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілмен тағы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Дата публикации
20 сентября 2024
Дата обновления
20 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Шымкент қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Алматы қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы