«Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі –жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын іске асыру мақсатында әзірленген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде «Байланыс туралы» ҚР Заңының 26-бабы 1-тармағына өзгерістер енгізілуде, онда ЦДИАӨМ-ның үлгілік шарттың нысанын бекіту құзыреті алынып тасталуда.
Жобада «қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі» анықтамасына «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2-тармағының 23)-тармақшасына сәйкес келтіру бөлігінде өзгеріс енгізу қарастырылған.
Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 13-тармағын орындау бойынша іс-қимылдар жоспарының 32-тармағын орындау шеңберінде енгізілуде. Негізгі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін функциялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ішкі үрдістермен байланысты қызметтері, заңның негізгі ережелерін орындауға және егжей-тегжейлілікке бағытталған олардың өзара әрекет етуі заңға тәуелді актілермен анықталады.
Сонымен қоса, 2017 жылғы 1 қаңтардан реттелетін нарықта басым немесе монополиялық орын алатын нарық субъектілерінің мемлекеттік реестрі күшін жойды. Осылайша, байланыс нарығында басым немесе монополиялық орын алатын операторлар жоқ, сондай-ақ байланыс қызметтері бәсекелес нарыққа берілді.
Осыған орай, Қағиданың мәтіні бойынша «басым немесе монополиялық орын алатын» сөздері алынып тасталуда.