Құрметті азаматтар!
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бақылау және мониторинг жүргізу мәселелері кіреді.
Осыған орай, егер Сіз Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп талаптарын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, Сіз мына байланыс телефондарына қоңырау шала аласыз: жұмыс тел.+7 (7172) 649482, ұялы тел. +7 115 412 34 61.
Электрондық пошта адресі: zh.moldagalieva@mdai.gov.kz
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп бұзу фактілерін «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы 8 775 412 34 61 телефон нөміріне жібере аласыз.
Сіздердің ақпараттарыңыз мониторинг жүргізу үшін және қажетті әрекет ету үшін маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деп жөніндегі уәкілі
Ж. Молдағалиева