Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүліктік және моральдық зиян келтіру үшін жеке тұлғалар туралы дербес деректері бар электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануды болғызбау, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында келесіні хабарлайды.
Соңғы уақытта алаяқтардың азаматтардың дербес деректерін несиелерді ресімдеу үшін, соның ішінде әртүрлі тауарларды сатып алу үшін пайдалану жағдайлары жиілеп кетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/669 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында байқаушылар тізімін қалыптастыру жөніндегі қызметпен айналысатын ұйымдарға Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына назар аударып, оларды сақтауы қажет деп санаймыз.
Жиналатын және өңделетін мәліметтердің арасында дербес деректер болғандықтан, оларды жинауды, өңдеуді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асыруға тиіс. Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында көзделген жағдайлар.
Бұл ретте дербес деректерді сақтау Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан базада да жүзеге асырылуға тиіс (Заңның 12-бабының 2-тармағы).
Дербес деректерді шетелдік ақпараттандыру объектілері арқылы жинаған және өңдеген жағдайда, Заңның жоғарыда көрсетілген талаптарынан басқа, субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау келісімін алуды қамтамасыз ету қажет (Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы).
Бұдан басқа, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндетті екенін атап өту қажет (Заңның 22-бабы).
Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 қаулысымен анықталған.
Заңның 8-бабының 2-тармағында (Заңның 24-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, жалпыға қолжетімді көздерде таратуға, үшінші тұлғаларға беруге және трансшекаралық тасымалдауға келісімін қайтарып алуға құқығы бар екенін атап өткен жөн, бұл дербес деректерді кейіннен жоюды білдіреді.
Дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу, дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамау немесе тиісінше сақтамау жағдайында «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабында және 641-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтеміз.