Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық қауіпсіздік

Қазақстанда киберқауіпсіздік саласын дамыту мәселелеріне жіті көңіл бөлінуде. Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және бизнеспен бірлесіп жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде біздің еліміз киберқауіпсіздіктің жаһандық индексіндегі өз позициясын қарқынды жақсарта түсті. Қазір Қазақстан 40-шы орында. Айта кету керек, өткен жылы біздің еліміз 82 орында болған еді.

Өткен жылдар ішінде еліміздің киберқауіпсіздік саласын дамытудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. 2022 жылға дейін әрекет ететін "Қазақстанның киберқауіпсіздігі" тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Осымен бірге, бірқатар заңнамалық актілер мен көптеген салалық бұйрықтар қолданысқа енді. Бұдан басқа, зиянды кодты зерттеу бойынша АҚ саласында сынақ зертханалары құрылып, ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (компьютерлік инциденттерге жеке әрекет ету қызметі (CERT), 7 жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы (SOC)) жұмысын бастады, аталған мамандық бойынша білім гранттарының саны көбейді және т. б.

Ақпараттық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау саласындағы ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардың жеке басына қатысты деректер өңделетін ақпараттық жүйелердің иелеріне аудит және тексеру жүргізу үшін жеке деректерді қорғау функциясын беру туралы мәселе көтерді.

Дата публикации
04 декабря 2019
Дата обновления
04 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Шымкент қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Алматы қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы