Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен (бұдан әрі – Қағида) бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 16 - 27 қаңтар аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін), +7 (7172) 61-33-23 анықтама телефоны, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, блок С-2.4 мекен-жайы бойынша орналасқан Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды:
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін министрлігі аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi.
Егер:
Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi. Министрлігі қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.