Гранттық бағдарлама коммерциялық тұрғыдан тиімді инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін ғылым мен бизнесті біріктіруге бағытталған.
Өтінімдер 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап 2023 жылғы 10 наурыз сағат 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша* Портал арқылы қабылданады (www.astanahub.com).
Гранттар бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fpip.kz (http://fpip.kz/index.php/ru/) сайттағы «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-Ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықты қараңыз.
Өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде беріледі. Нысанды ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларға өтінімдерді халықаралық сарапшылар бағалайды. Өтініш берушілер мұқият танысып, гранттық бағдарлама бойынша басшылықтың барлық талаптарын сақтауы тиіс.
Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбауға жатады және қарау үшін қабылданбайды. Өтінімді толтыру басталғанға дейін кіші жобаларға арналған экологиялық талаптармен, сондай-ақ жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтің тізбесімен мұқият танысқан жөн.
Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электрондық пошта арқылы немесе
+7 777 149 80 36 телефоны арқылы хабарласуға болады.
МАҢЫЗДЫ:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер Astanahub электрондық порталы арқылы мына сілтеме бойынша https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады.
* Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.