Министрлік Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына (ҰКДИ) кеңістіктік деректерді ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына (ҰКДИ) кеңістіктік деректерді ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Заңның 22-бабының 6-тармағына сәйкес өзге ақпараттық көздердің мәліметтерінен қалыптастырылған базалық және тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары осындай жинақтар иелерінің Ұлттық кеңістіктік деректер қорына жіберілетін өтінімдері бойынша Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының құрамына енгізілуі мүмкін.

Осылайша, кез келген мүдделі тұлғалар, оның ішінде жеке ұйымдар мен заңды тұлғалар өз қалауы бойынша өздерінің кеңістіктік деректерін «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «ҰКДИ МГ» АЖ) ұсынуға құқылы.

Ол үшін:

  • «ҰКДИ МГ» АЖ геопорталына өту қажет (gov.kz);
  • басты беттегі жоғарғы бөліктен ҰКДИ АЖО қойындысын таңдау;
  • ҚР ҰКО ЭЦҚ арқылы жүйеге авторизациядан өту;
  • сервиспен жұмыс істеу және деректерді жүктеу жөніндегі нұсқаулықпен танысу;
  • геопорталдың басты бетіндегі «Қызметтер тізімі» немесе «Қызметтерге өту» қойындысы арқылы «Жеке тұлғалардан кеңістіктік деректерді тіркеуші» АЖО (заңды тұлға)» АЖО бөліміне өту;
  • кеңістіктік деректер жиынтықтарын электрондық форматта жүктеу;
  • жүктелетін деректердің сипаттамасын, құрамын және негізгі сипаттамаларын көрсету;
  • деректерді белгіленген тәртіппен қарауға жіберу.

Барлық әрекеттер мемлекеттік органдарға жеке жүгінусіз «ҰКДИ МГ» АЖ веб-интерфейсі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8-7172-27-27-75 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Дата публикации
16 марта 2026