2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның «ақылды» қалаларының рейтингісі

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 2025 жылға арналған «ақылды» қалаларды салу» критериі бойынша бағалау жүргізді (рейтинг төменде көрсетілген). Ең жақсы көрсеткіштер Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Орал қалаларында тіркелді.

Жүргізілген бағалаудың нәтижесінде елімізде әкімдіктердің жоғары технологиялық шешімдерді қолдануының артып келе жатқаны анықталды. Қалаларда мектеп оқушыларының үлгерімін бақылау жүйелері, қоғамдық көліктегі электрондық төлем жүйелері және нақты уақытта оның орналасқан жерін анықтау жүйелері кеңінен қолданылуда, емханаларға жазылу мүмкіндігі онлайн режимінде ұйымдастырылған, коммуналдық қызметтер бойынша өтініштер мен шағымдарды қабылдау үшін 109 бірыңғай байланыс орталықтары жұмыс істеуде, қалалардағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік беретін бейнекамералардың саны артуда екені жалпы белгілі.

Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиялары түрлі салаларда белсенді енгізілуде. Абай, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жасанды интеллект медициналық суреттерді жіберу және архивтеу жүйесін (рентген, флюороскопия, стереометрия, микроскопия, ЭКГ, маммография және т.б.) талдау арқылы онкологиялық ауруларды диагностикалау және ерте анықтау үшін қолданылады. Қарағанды және Алматы қалаларында жасанды интеллектті пайдалана отырып, автожолдардың сапасын бақылау жүйесі енгізілген.

Жергілікті атқарушы органдар «ақылды» қалаларды салу» концепциясын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Қазақстанның «ақылды» қалаларының рейтингісі:

  1. Астана
  2. Алматы
  3. Шымкент
  4. Қарағанды
  5. Өскемен
  6. Орал
  7. Қостанай
  8. Ақтөбе
  9. Талдықорған
  10. Қызылорда
  11. Тараз
  12. Павлодар
  13. Көкшетау
  14. Қонаев
  15. Атырау
  16. Петропавл
  17. Семей
  18. Жезқазған
  19. Ақтау
  20. Түркістан
Дата публикации
25 февраля 2026