ХАБАРЛАНДЫРУ экологиялық және әлеуметтік құжаттаманы жария түрде ашу және қоғамдық консультациялар өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) «Өнімді инновацияларды ынталандыру II (P513072)» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру шеңберінде, Дүниежүзілік банктің қолдауымен қаржыландырылатын, экологиялық және әлеуметтік құжаттаманы жария түрде ашудың басталғаны туралы хабарлайды және барлық мүдделі тараптарды қоғамдық консультацияларға қатысуға шақырады.

Ескерту: Жоба атауы мүдделі тараптармен келісілген жағдайда «Жасанды интеллект саласындағы оқытуды, кәсіпкерлікті және нарықтарды дамыту (ALEM.AI)» деп өзгертілуі мүмкін.

Ақпаратты жариялаудың мақсаты

Осы хабарландыру және оған қоса берілетін құжаттар халықаралық қаржы ұйымдарының рәсімдеріне және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, соның ішінде Орхус конвенциясының қоғамдық қатысу қағидаттарына сәйкес, Жобаны одан әрі қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында жарияланады.

Жобаның сипаттамасы

Жоба жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларға қолжетімділікті кеңейту, цифрлық дағдыларды дамыту, зерттеу және технологиялық инфрақұрылымды құру (жасанды интеллект орталығы мен робототехника зертханасын жарақтандыруды қоса алғанда), сондай-ақ стартаптарды қолдау және Венчурлік капиталды жұмылдыру арқылы Қазақстандағы стартаптардың экожүйесін дамытуға бағытталған.

  1. Жарияланатын құжаттар

Жоба шеңберінде келесі экологиялық және әлеуметтік құжаттар әзірленді:

  • Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспары (ӘЭМЖ);
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары (ПВЗС);
  • Еңбек ресурстарын басқару рәсімдері (ПРТО);
  • Әлеуметтік-экологиялық қағидалар жинағы (ӘЭҚЖ).

Аталған құжаттар Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық стандарттарына сәйкес экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және шағымдарды қарау тетігін (МРЖ) айқындайды.

  1. Құжаттарға қолжетімділік

Құжаттармен келесі мекенжай бойынша танысуға болады:

  • ЖИЦДМ және Astana Hub ресми сайттарында.

Құжаттар келесі тілдерде қолжетімді:

  • қазақ тілі
  • орыс тілі
  • ағылшын тілі

Қажет болған жағдайда материалдар қолжетімді форматтарда ұсынылуы мүмкін.

  1. Мүдделі тараптардың қатысуы

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарына (ПВЗС) сәйкес Жоба:

  • ақпаратты уақтылы және қолжетімді түрде жариялауды;
  • мазмұнды консультациялар өткізуді;
  • барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде осал топтардың пікірлерін ескеруді;
  • ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді.
  1. Пікірлерді ұсыну тәртібі

Ұсыныстар мен ескертулерді келесі тәсілдермен жолдауға болады:

  • электрондық пошта арқылы: akhmetov@mdai.gov.kz
  • пошта арқылы: Республика Казахстан 010000, г. Астана, пр. Мәңгілік ел 55/5 С 2.4

Барлық алынған пікірлер қаралып, жобалық құжаттаманы пысықтау барысында ескерілетін болады.

  1. Қоғамдық консультациялар

Қоғамдық консультациялар келесі түрде өткізіледі:

  • Күні: 2026 жылғы 4 наурыз
  • Уақыты: Астана уақыты бойынша 11.00
  • Форматы: бетпе-бет / онлайн / гибридті
  • Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8, 4.6 Блок

Консультациялар барысында Жоба, оның ықтимал экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері және оларды басқару шаралары туралы ақпарат ұсынылады.

  1. Шағымдарды қарау тетігі (МРЖ)

Жоба шеңберінде шағымдарды қарау тетігі (МРЖ) жұмыс істейді, ол:

  • өтініштерді берудің қолжетімділігін;
  • қарау процесінің ашықтығын;
  • қажет болған жағдайда құпиялылықты;
  • барлық өтініштерге, соның ішінде сезімтал мәселелер бойынша, уақтылы жауап беруді қамтамасыз етеді.

МРЖ байланыс деректері: support@astanahub.com

  1. Байланыс ақпараты

Аты-жөні: Ербол Ахметов

Лауазымы: Инновациялық экожүйені дамыту басқармасының басшысы, Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті

Email: e.akhmetov@mdai.gov.kz


Ссылка на онлайн трансляцию: https://us06web.zoom.us/j/88319491687 

Дата публикации
24 февраля 2026