Министрлік мемлекеттік функцияларды автоматтандырудың бірыңғай тәртібін және одан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыруға арналған материалдарды ұсынады.
Құжаттар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың жүйелі тәсілінің негізгі элементтерін қамтиды, оның ішінде мемлекеттік функцияларды сипаттау және каталогтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер каталогын қалыптастыру және жүргізу, деректер сапасын басқару және оларды цифрлық үдерістерде пайдалану тәсілдері, сондай-ақ үдерістерді стандарттау мен автоматтандыру әдіснамасы.
Ұсынылған материалдарда мемлекеттің деректер инфрақұрылымының базалық элементі ретінде Ұлттық регистрлерді дамыту рөлі мен қажеттілігіне ерекше назар аударылған.