Жұмыс беруші: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Телекоммуникациялар комитеті» РМБ
Жұмыс орны: Астана қаласы
Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні
Келісімшарт: жобаны іске асыру кезеңіне жасалады, сынақ мерзімі – 6 ай
Біліктілік талаптары:
Келісімшарттарды әкімшілендіру жөніндегі кеңесші келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Бизнестің, құқықтың, қаржының, экономиканың немесе баламалы бағыттағы жоғары білім;
- Шетелдік және жергілікті компаниялармен келісімшарттарды орындау/іске асыру саласында кемінде 3 жыл тәжірибе;
- Басқару саласында жақсы білім және тәжірибе;
- Дүниежүзілік банк немесе басқа халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жобалардағы тәжірибе артықшылық болып саналады;
- Жобаны іске асыруға адалдық және жоғары қызығушылық;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу – артықшылық;
- Компьютермен жұмыс істеу дағдылары (мәтіндік және электрондық кестелерді өңдеу бағдарламалары);
- Коммуникация және келіссөз жүргізу дағдылары.
Келісімшарттарды әкімшілендіру жөніндегі кеңесшісінің функциялары:
- Жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Жобаны іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға қажетті сұрау салуларды, ақпараттарды және есептерді дайындау;
- Жобаны іске асыру бойынша Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимыл жасау (Қарыз туралы келісім және Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес);
- Жұмыстардың барысы мен жобаның нәтижелік көрсеткіштерін жинау, құжаттау және талдау;
- Шағымдарды қарау тетіктерін (ШКТ) және басқа да қорғау саясатын іске асыру бойынша іс-шараларды жинау, құжаттау және талдау (Дүниежүзілік банк талаптарына сәйкес);
- Келісімшарттар мен қолданыстағы келісімдерге қосымша келісімдерді дайындау;
- Келісімшарттарды орындау барысында туындайтын даулы мәселелер бойынша көмек көрсету, сот істері болған жағдайда құжаттар мен материалдарды дайындау және қажет болғанда тапсырыс беруші атынан сотта қатысу;
- Мердігерлермен/жеткізушілермен/консультанттармен келісімшарттық даулар кезінде Комитетке көмек көрсету;
- ЖБТ консультанттарының мониторинг және бағалау, әлеуметтік мәселелер, экологиялық әсер ету және шағымдарды қарау бойынша есептерін дайындауды және уақытылы МБРР-ға жіберілуін ұйымдастыру және бақылау;
- Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша бастапқы деректерді жинау мақсатында халықаралық консультанттың зерттеу жүргізуін ұйымдастыру және бақылау (жобаның мақсатты индикаторларын бағалау үшін);
- Дүниежүзілік банктің бақылау миссияларының ұсынымдары мен шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- ЖБТ қаржы маманына банктік кепілдіктер, кепіл хаттар, сақтандыру сертификаттары және басқа да кепілдік құжаттарын тексеру мен олардың мерзімдерін бақылау бойынша көмек көрсету;
- Сатып алу маманына конкурс құжаттамасын дайындау кезінде (келісімшарттар бөлігінде) көмек көрсету;
- Өз құзыреті шегінде жоба шеңберінде туындайтын барлық мәселелер бойынша уақытылы хабарлау және шаралар қабылдау.
Есеп беру:
ЖБТ келісімшарттарды әкімшілендіру жөніндегі кеңесшісі атқарылған жұмыс туралы ай сайынғы есептер мен жұмыс уақыты есебін ұсынуы тиіс.
Кеңесші Дүниежүзілік банктің жеке кеңесшілерді іріктеу әдісі (Individual Consultant Selection, IC) бойынша таңдалады.
Іріктеу 2023 жылғы қыркүйекте бекітіліп, 2025 жылғы ақпанда жаңартылған «ХҚДБ-ның заем алушыларға арналған сатып алу ережелеріне» сәйкес жүргізіледі (www.worldbank.org).
Қол қойылған және сканерленген өтініш білдіру хаттары m.rahmanova@mdai.gov.kz электронды поштасына «ЖБТ келісімшарттарды әкімшілендіру жөніндегі кеңесшісі (Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)» деген белгімен 2025 жылғы 24 қараша, сағат 15:00-ге дейін жіберілуі тиіс.
Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзіне қалдырады