Жұмыс беруші: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Телекоммуникациялар комитеті» РМБ
Жұмыс орны: Астана қаласы
Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні
Шарттың мерзімі: жобаны іске асыру кезеңіне, 6 ай сынақ мерзімімен
Біліктілік талаптары:
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер жөніндегі кеңесші төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
- Әлеуметтік ғылымдар, социология, экология немесе қоршаған ортаны қорғау саласында жоғары білім;
- Экологиялық және әлеуметтік бағалау саласында кемінде 5 жыл тәжірибе, сонымен қатар әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша зерттеу әзірлеу және іске асыру (ESMF, LMP, SEP) тәжірибесі және ESF дайындау машығы;
- Экологиялық және әлеуметтік бағалау саласындағы ұлттық заңнаманы білу;
- Дүниежүзілік банк қаржыландыратын ұқсас жобаларда жұмыс тәжірибесі (артықшылық болып саналады);
- Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, ағылшын тілін білу – артықшылық.
Кеңесшінің функциялары
Әлеуметтік мәселелер бойынша:
- Жобаның операциялық нұсқаулығында (ОРН) көрсетілгендей, активтерді мәжбүрлі түрде беру немесе шешілмеген мәселелері бар инфрақұрылымдық қосалқы жобаларды алдын ала іріктеу (скрининг) жүргізу;
- Қаржыландыру туралы келісімде және Операциялық нұсқаулықта белгіленген әлеуметтік кепілдіктер талаптарын енгізуге жәрдемдесу;
- Құрылыс және еңбек процестерінде әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз ету үшін мердігерлер тобының жұмысын бақылау;
- Дүниежүзілік банк тобының қатысуымен келісілген учаскелер бойынша әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау (ESIA) дайындауға қатысу;
- Гендерлік, бала еңбегі және мәжбүрлі еңбек сияқты әлеуметтік аспектілер бойынша деректер жинау және талдау;
- Азаматтардың шағымдарын қарау мен кері байланыс механизмін (МОС) тиімді жүзеге асыруды бақылау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- Ақпараттық және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу (тренингтер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кеңестер және т.б.), олардың гендерлік теңдік қағидаттарына сай өтуін қадағалау;
- Оқыту бағдарламаларына бала еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қатысты ұлттық заңнаманы енгізу;
- Әлеуметтік және экологиялық басқару жоспарларының (РМУЭСОМ/ПУОСС) орындалуын бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу;
- Жоба Дүниежүзілік банктің операциялық саясаты мен басшылық қағидаттарына сай болуын қамтамасыз ету;
- Әлеуметтік оқиғаларды тіркеу және құжаттау, сондай-ақ бала немесе мәжбүрлі еңбек жағдайлары анықталған жағдайда дереу ЖБТ директоры және банк тобына хабарлау;
- Орындаған жұмыс бойынша тоқсан сайын есептер дайындап, Дүниежүзілік банкке және мүдделі тараптарға ұсыну.
Экологиялық мәселелер бойынша:
- ЖБТ үйлестірушісіне экологиялық қауіпсіздік саясаты бойынша міндеттемелерді орындауда көмек көрсету;
- Әрбір қосалқы жоба үшін қоршаған ортаны қорғау жоспарын (ПУОСС) дайындау;
- Қосалқы жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу;
- Әр учаске бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау мен скрининг жүргізу;
- Мердігерлердің ПУОСС міндеттерін орындауын қадағалау және қолдау;
- Мониторинг жүргізу үшін жоба алаңдарына бару;
- Қажет болған жағдайда бенефициарларға экологиялық және әлеуметтік тақырыптар бойынша оқыту ұйымдастыру;
- Қоршаған ортаны бақылау жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
- Мониторинг нәтижелерін жобаның барлық мүдделі тараптарына жеткізу;
- Экологиялық оқиғалар болған жағдайда қажетті құжаттарды дайындау;
- Дүниежүзілік банктің келесі саясаттарына сәйкестікті қамтамасыз ету:
- ESS1 – Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер мен әсерлерді бағалау және басқару
- ESS2 – Еңбек және еңбек жағдайлары
- ESS3 – Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны ластауға жол бермеу
- ESS4 – Қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздік
- ESS10 – Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және ақпарат ашу
- Жобаны іске асыру кезінде Дүниежүзілік банктің еңбек, денсаулық және қоршаған орта қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауларын сақтау;
- Жобалық-сметалық шешімдердің экологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Әрбір қосалқы жоба бойынша ПУОСС-та көрсетілгендей, жұмыс барысы туралы тоқсан сайын есептер дайындап, Дүниежүзілік банкке және бенефициарларға ұсыну.
Есептілік:
ЖБТ-ның әлеуметтік және экологиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі атқарылған жұмыстар туралы ай сайын есеп және жұмыс уақытының есебін тапсырады.
Кеңесшіні іріктеу жеке кеңесшілерді іріктеу әдісімен (ИК) жүргізіледі және Дүниежүзілік банктің 2023 жылғы қыркүйекте бекітілген, 2025 жылғы ақпанда жаңартылған ФИП заемшылары үшін сатып алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады (www.worldbank.org).
Қызығушылық білдірген тұлғалар өздерінің қол қойылған және сканерленген өтінімдерін m.rahmanova@mdai.gov.kz электрондық поштасына «ЖБТ әлеуметтік және экологиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі» деген тақырыппен 2025 жылғы 24 қараша сағат 15:00-ге дейін жолдауы қажет.
Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзіне қалдырады