Бос жұмыс орны: Жобаны басқару тобының (ЖБТ) техникалық маманы (Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)

Жұмыс беруші: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Телекоммуникациялар комитеті» РМБ
Жұмыс орны: Қазақстан Республикасының өңірлерінде
Өңірлер тізімі: анықталады
Жұмыс кестесі: толық жұмыс күні

Келісімшарт:
Жоба іске асырылған мерзімге дейін, 6 айлық сынақ мерзімімен.
Барлығы – 7 қызметкер (әр өңірге – 1 маман).

Біліктілік талаптары:

Техникалық маман келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Оптикалық және электрондық жабдықтар саласында жоғары немесе арнаулы орта техникалық білімнің болуы;
  2. Телекоммуникациялық желілерді жобалау, салу және пайдалану саласында кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  3. Оптикалық-талшықты байланыс желілері мен оған қатысты технологиялармен кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  4. ВОЛС (оптикалық-талшықты байланыс желісі) дамыту саласында кемінде 3 жылдық тәжірибе;
  5. Ұлттық деңгейдегі жобаларда (мысалы, ЕТС ГО аясында) жұмыс тәжірибесі;
  6. Жобаларды сүйемелдеу, соның ішінде мердігер ұйымдармен үйлестіру тәжірибесі;
  7. Міндеттерді адал және жауапкершілікпен орындау;
  8. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін білу — артықшылық болып саналады;
  9. Компьютерлік бағдарламаларды (PowerPoint, MS Word, MS Excel) сенімді пайдалану дағдылары;
  10. Кеңсе техникасымен жұмыс істеу әдістерін білу, инженерлік жүйелерді монтаждау дағдылары;
  11. Техникалық құжаттамалар мен есептерді дайындау қабілеті.

Техникалық маманның функциялары:

  1. Жобаны іске асыруға арналған техникалық талаптар мен сипаттамаларды әзірлеу;
  2. Байланыс операторларының жобалық құжаттамасын бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдар беру;
  3. Конкурстық құжаттаманы техникалық тұрғыдан дайындауға қатысу;
  4. Телекоммуникациялық желілердің құрылысы мен пайдаланылуын бақылау;
  5. Орындаылған жұмыстарды техникалық тұрғыдан қадағалау және қабылдау (белгіленген стандарттарға сәйкес);
  6. Байланыс операторларымен жобаны техникалық тұрғыдан іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  7. Техникалық есептер мен анықталған мәселелерді жою жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
  8. Телекоммуникациялық инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен рәсімдерді әзірлеуге жәрдемдесу;
  9. Мүдделі тараптармен, соның ішінде Дүниежүзілік банкпен техникалық консультациялар мен талқылауларға қатысу.

Есептілік:
Техникалық маман ай сайын атқарылған жұмыс туралы есеп пен жұмыс уақытының есебін қоса тапсырады.

Консультантты іріктеу тәртібі:
Іріктеу ХҚДБ (МБРР) процедураларына сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісімен (Individual Consultant Selection – IC) жүргізіледі.
Процедуралар 2023 жылғы қыркүйектегі және 2025 жылғы ақпанда жаңартылған «Қарыз алушыларға арналған сатып алу ережелерінде» көрсетілген (www.worldbank.org).

Өтінім тапсыру тәртібі:
Қол қойылған және сканерленген қызығушылық білдіру хаттарын m.rahmanova@mdai.gov.kz электрондық поштасына
«Техникалық маман (ЖБТ) — Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы» деген тақырыппен
2025 жылғы 24 қараша күні сағат 15:00-ге дейін жіберу қажет.

Ескерту:
Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзіне қалдырады

 

Дата публикации
07 ноября 2025