Бос жұмыс орны: Жобаны басқару тобының (ЖБТ) офис-менеджері / аудармашысы

(Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)

Жұмыс беруші: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Телекоммуникациялар комитеті» РМБ

Жұмыс орны: Астана қаласы
Жұмыс түрі: Толық жұмыс күні
Келісімшарт: Жоба іске асырылған мерзімге жасалады, сынақ мерзімі – 6 ай.

Біліктілік талаптары

Офис-менеджер / аудармашы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Лингвистика, филология немесе соған ұқсас сала бойынша жоғары білімінің болуы;
  2. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі;
  3. Кеңсе техникасымен жұмыс істеу дағдыларының болуы;
  4. Компьютерде жұмыс істеу қабілеті (мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдеуге арналған стандартты бағдарламалармен).

ЖБТ офис-менеджері / аудармашының функциялары

Офис-менеджер / аудармашы практикалық көмек көрсетумен қатар, келесі міндеттерді орындайды және олардың сапалы орындалуына жеке жауап береді:

  1. Өз функционалдық міндеттерін сапалы орындау үшін жеке жауапкершілік алады;
  2. ЖБТ координаторына есеп береді;
  3. Жобаның қажетті құжаттарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен аудару;
  4. Қажетті құжаттарды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару;
  5. Жобалық құжаттарды келісуге және қол қоюға дайындау;
  6. Кеңсе техникасын жұмысқа дайындау және басқару;
  7. ЖБТ талаптарына сәйкес кеңсе жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  8. ЖБТ-ға әкімшілік, кеңселік және техникалық қолдау көрсету;
  9. Кеңсе техникасы мен жиһаздың техникалық жағдайына мониторинг жүргізу және бағалау;
  10. Жоба бойынша ай сайынғы есептер мен өзінің қызметі туралы есептер дайындау;
  11. Жоба іске асырылған кезеңде ЖБТ персоналы арасында мүдделер қақтығысының болмауын қамтамасыз ету.

Есептілік тәртібі

ЖБТ офис-менеджері / аудармашысы атқарылған жұмыс туралы ай сайын есеп беріп, оған жұмыс уақытының табелін қоса тапсырады.

Таңдау тәртібі

Кеңесші іріктеуі Дүниежүзілік банк белгілеген жеке кеңесшілерді іріктеу әдісі (IC) бойынша жүргізіледі,
ФИП қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларына (2023 жылғы қыркүйек, 2025 жылғы ақпанда жаңартылған нұсқа) сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттармен танысу: www.worldbank.org

Өтінім беру тәртібі

Қол қойылған және сканерленген өтініш хаттарын электронды пошта арқылы төмендегі мекенжайға жіберу қажет:
m.rahmanova@mdai.gov.kz

Тақырып жолында міндетті түрде көрсету керек:
«ЖБТ офис-менеджері / аудармашысы (Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)»

Өтінімдер 2025 жылғы 24 қараша сағат 15:00-ге дейін қабылданады.

Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзіне қалдырады

 

Дата публикации
07 ноября 2025