(Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)
Жұмыс беруші: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті РМБ
Жұмыс орны: Астана қаласы
Жұмыс форматы: Толық жұмыс күні
Келісімшарт мерзімі: Жобаны іске асыру кезеңіне дейін, сынақ мерзімі – 6 ай
Біліктілік талаптары
Мониторинг және бағалау жөніндегі кеңесші келесі талаптарға сай болуы қажет:
- Мониторинг және бағалау, басқару немесе соған ұқсас сала бойынша жоғары білім;
- Дүниежүзілік банк немесе өзге халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын жобаларда ақпарат жинау, талдау, мониторинг және бағалау тәжірибесі;
- Жоспарлау, жобалау және есеп беру процестерін ұйымдастыру бойынша тәжірибе;
- Компьютерді жоғары деңгейде меңгеру, деректер базасы және мониторингтің ақпараттық жүйелерімен (ИСМ) жұмыс істей алу дағдысы;
- Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, ағылшын тілін білу — артықшылық.
Негізгі міндеттер
- Жоба құжаттарымен танысу (Жобаны бағалау құжаты, операциялық нұсқаулық, ИСМ жүйесі);
- Жобаны басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу;
- Жобаның нәтижелік көрсеткіштері бойынша деректер жинау, талдау және мониторинг жүргізу;
- Жылдық жұмыс жоспары аясында ресурстар мен нәтижелердің орындалуын бақылау;
- Консалтингтік және мердігерлік шарттардың орындалуын (сатып алу маманымен бірлесіп) қадағалау;
- Шағымдар мен қорғаныс шараларына қатысты есептілік пен құжаттаманы жүргізу;
- Мониторинг және бағалау бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, гендерлік және бенефициарлық деректерді бөле отырып нәтижелерді есепке алу;
- Жобаның даму мақсатына (ЖДМ) қол жеткізу барысын және тиімділік көрсеткіштерін бақылау;
- Қызмет көрсетушілерден алынған деректерді жинау және STEP жүйесіне енгізу;
- Нәтижелер мен ЖДМ көрсеткіштері бойынша жартыжылдық есептер дайындау;
- Әр компонент және ішкі компонент бойынша жобаның орындалуын ИСМ арқылы бағалау;
- Ресурстардың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- Физикалық және қаржылық жоспардың орындалуын бақылау, кешігулердің себептерін анықтау және түзету шараларын ұсыну;
- Жоба қызметінің келісілген бағдарламаға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету және түзету жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Жоба шеңберінде үздік тәжірибелер мен алынған сабақтарды жинақтау;
- Жоба үйлестірушісі жүктеген өзге де міндеттерді орындау;
- Бенефициарларды сауалнама жүргізу және жобаның қорытынды есебін дайындауға қатысу;
- Мониторингтің ақпараттық жүйесінің (ИСМ) тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
Есептілік тәртібі
Кеңесші ай сайын атқарылған жұмыстар туралы есеп пен жұмыс уақытының есебін ұсынады.
Іріктеу рәсімі
Кеңесші Дүниежүзілік банктің жеке кеңесшілерді іріктеу әдісі (Individual Consultant Selection, IC) бойынша таңдалады.
Іріктеу 2023 жылғы қыркүйекте бекітіліп, 2025 жылғы ақпанда жаңартылған «ХҚДБ-ның заем алушыларға арналған сатып алу ережелеріне» сәйкес жүргізіледі (www.worldbank.org).
Қол қойылған және сканерленген өтініш білдіру хаттары m.rahmanova@mdai.gov.kz электрондық поштасына
«ЖБТ-ның мониторинг және бағалау жөніндегі кеңесшісі (Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)» тақырыбымен
2025 жылғы 24 қараша, сағат 15:00-ге дейін жіберілуі тиіс.
Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзіне қалдырады