Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Платформа қолданбалы бағдарламалық қамтылымды құру, дамыту және пайдалануға беру» (QazTech) атты ИК-қызыметі бойынша арнайы құқық субъектісінің тарифтерін бекіту тақырыбында қоғамдық таңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тыңдау «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының өтінімі бойынша онлайн форматта 2025 жылғы 28 қазанда, Астана уақыты бойынша сағат 15:00 өткізіледі.
Тыңдауға мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.
Тыңдауға қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу үшін +7(7172) 701 999 (3157) нөмірі бойынша хабарласыңыз немесе өтінімдерді k.mekeshov@mdai.gov.kz, Didas.Mukushev@nitec.kz почталарына жолдаңыз.
Тыңдауға қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жолданатын болады. Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 27 қазан сағат 10:00 ден 17:00 дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Мекешов Қуаныш +7(7172) 64-91-33
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Мукушев Дидас +7(7172) 701 999 (3157), +77016667184