Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15-1-бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығына сәйкес (https://www.akorda.kz/kz/memlekettik-baskaru-zhuyesin-odan-ari-zhetildiru-zhonindegi-sharalar-turaly-1884159) Министрліктің ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі конкурс Министрліктің қайта ұйымдастырылуына байланысты тоқтатылғанын хабарлайды.
Жаңа Қоғамдық кеңесті қалыптастыру аталған Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.