Бос жұмыс орны: 1-компоненттің үйлестірушісі (аға техникалық маман)
Жоба басқару тобы (ЖБТ)
Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы
Жұмыс беруші: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Телекоммуникациялар комитеті» РММ
Орналасқан жері: Астана қаласы
Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні
Шарт түрі: жобаны іске асыру мерзіміне еңбек шарты, сынақ мерзімі – 6 ай
Біліктілік талаптары:
- Жоғары техникалық немесе заңгерлік білім;
- Телекоммуникация саласындағы жобаларды басқаруда кемінде 5 жыл тәжірибе;
- ТОБЖ (ВОЛС) пайдалану және дамытуда кемінде 3 жыл тәжірибе;
- ТОБЖ (ВОЛС) құрылысы мен пайдалануға қабылдауда кемінде 3 жыл тәжірибе;
- Мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен жұмыс тәжірибесі;
- Телекоммуникация саласындағы ұлттық заңнаманы білу;
- Цифрлық инфрақұрылым жобаларын іске асыру тәжірибесі;
- Жауапкершілік пен адалдық;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілі – артықшылық;
- Компьютерлік сауаттылық (мәтіндік және кестелік бағдарламалар);
- Коммуникация және келіссөз жүргізу дағдылары.
Міндеттері:
- Техникалық мамандардың жұмысын үйлестіру және бақылау;
- Жобаны іске асыруды қолдау, мониторинг жүргізу және бағалау;
- Сатып алу мен байланыс операторларын таңдау рәсімдерін қадағалау;
- Техникалық талаптар мен сипаттамаларды әзірлеу;
- Нысандардың сапасын техникалық бақылау және пайдалануға қабылдау;
- Телекоммуникациялық желілердің құрылысын және пайдаланылуын бақылау;
- Инфрақұрылымның орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған стандарттар әзірлеуге қатысу;
- ЖБТ басшысы мен Комитет төрағасының тапсырмаларын орындау.
Есептілік:
Үйлестіруші ай сайын атқарылған жұмыстар туралы есеп және жұмыс уақытының табелін тапсырады.
Іріктеу тәртібі:
Үміткерді іріктеу Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларына (қыркүйек 2023 ж., 2025 ж. ақпанда жаңартылған) сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісімен жүргізіледі.
Өтініштерді (қол қойылған және сканерленген) мына мекенжайға жіберу қажет: m.rahmanova@mdai.gov.kz
Хат тақырыбында «1-компонент үйлестірушісі, ЖБТ (Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы)» көрсету міндетті:
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 29 қыркүйек 2025 ж., 15:00-ге дейін.
Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзінде қалдырады.