Бос жұмыс орны туралы хабарландыру: Жобаны басқару тобының (ЖБТ) жетекшісі

Бос жұмыс орны: Жобаны басқару тобының (ЖБТ) жетекшісі
Қазақстанның инклюзивті экономикасына арналған цифрлық жеделдету жобасы

Жұмыс беруші: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Телекоммуникациялар комитеті» РММ
Орналасуы: Астана қ.
Жұмыс форматы: толық жұмыс күні
Шарт түрі: жобаның жүзеге асырылу мерзіміне келісімшарт, сынақ мерзімі – 6 ай

Біліктілік талаптары

  1. Жоғары заң, экономика немесе техникалық білім.
  2. Басшылық лауазымда кемінде 5 жыл тәжірибе (телекоммуникация саласында жоба басқару тәжірибесі артықшылық).
  3. ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желілері) құрылысы мен пайдалануға қабылдауды ұйымдастыруда кемінде 3 жыл тәжірибе.
  4. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және байланыс операторларымен жұмыс тәжірибесі.
  5. Қазақстанда цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қатысты телекоммуникациялық жобаларды іске асыруда кемінде 3 жыл тәжірибе.
  6. Телекоммуникация саласындағы ұлттық заңнаманы білу.
  7. Дүниежүзілік банк немесе өзге халықаралық ұйымдардың сатып алу қағидаларын білу – артықшылық.
  8. Жоғары адалдық, уәж және жобаны іске асыруға тұрақты қызығушылық.
  9. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.
  10. Компьютерде жұмыс дағдылары (мәтіндік және кестелік бағдарламалар).
  11. Коммуникация және келіссөздер жүргізу қабілеті.

ЖБТ жетекшісінің негізгі міндеттері

  • ЖБТ жұмысына басшылық жасау және оны ұйымдастыру.
  • Жоба аясындағы барлық іс-шараларды үйлестіру, қолдау, бағалау және қадағалау.
  • Сатып алу және байланыс операторларын таңдау үдерісін жобаны іске асыру нұсқаулығына, Дүниежүзілік банк талаптарына және ҚР заңнамасына сәйкес жүргізу.
  • Қадағалау миссияларына қолдау көрсету.
  • Құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және бақылау.
  • Қабылдау нәтижелері бойынша грант төлемдерін бақылау.
  • Жобаны іске асырудың тоқсан сайынғы талдауын әзірлеу.
  • Комитет төрағасының тапсырмаларын орындау.
  • Комитеттің тиісті құрылымдарымен және Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимыл.
  • Жоба барысы туралы сұратылған есептерді дайындап ұсыну.

Есептілік:
ЖБТ жетекшісі ай сайын атқарылған жұмыстар туралы есеп береді және жұмыс уақыты табелін ұсынады.

Іріктеу тәртібі

Кеңесші Дүниежүзілік банктің Инвестициялық жобаларды қаржыландыру (IPF) қарыз алушылары үшін сатып алу ережелеріне сәйкес жеке кеңесшілерді іріктеу (IC) әдісімен таңдалады (2023 жылғы қыркүйек, 2025 жылғы ақпанда жаңартылған) (www.worldbank.org).

Құжаттарды тапсыру

Қол қойылған және сканерленген мүдделілік білдіру хаттарын мына мекенжайға жіберу қажет: m.rahmanova@mdai.gov.kz
Тақырыпта: «ЖБТ жетекшісі (Инклюзивті экономика үшін Қазақстанның цифрлық жеделдетуі жобасы)» деп көрсету қажет.

Жіберу мерзімі: 29 қыркүйек 2025 ж., сағат 15:00-ге дейін.

Комитет өтініштерді қабылдау немесе бас тарту құқығын өзінде қалдырады.

 

Дата публикации
16 сентября 2025