«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі бақылаушы мүшелерін таңдау туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына бақылаушы ретінде қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1)байқаушы ретінде кандидатураны ұсыну туралы азаматтың нысан бойынша өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
Азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қолма-қол немесе мемлекеттік органның электрондық мекенжайына (қоса беріледі) жолдайды. Құжаттарда кандидаттың өмірбаяны және байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
Байланыс мәліметтері:
Мекенжай: Астана қ., «Мәңгілік ел» даңғылы, С2.4, 1 қабат, 1.19 кабинет.
Е-mail: a.rahimov@mdai.gov.kz.
64-94-75 немесе 87475867487 нөміріне хабарласыңыз.