Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112 НҚ бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізеді.

Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар ұсынылады:

1)қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (Үлгі, нысан қоса беріледі);

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға жазбаша келісімі.

Азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер, конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды мемлекеттік органның үлгісіне сәйкес (қоса беріледі) кандидаттың ТАӘ, қызмет саласы, өмірбаяндық және байланыс деректерін көрсете отырып, қолма-қол немесе электрондық мекенжайға жолдайды (Электрондық түрде жіберілген құжаттар скан нұсқада, қол қойылған болуы тиіс).

 

 

Байланыс мәліметтері:

Мекенжай: Астана қ., «Мәңгілік ел» даңғылы, С2.4, 1 қабат, 1.19 кабинет. 

Е-mail: a.rahimov@mdai.gov.kz

64-94-75 немесе 87475867487 нөміріне хабарласыңыз.

 

Дата публикации
18 августа 2025