Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды (уақытша 2029 жылғы 1 мармырға дейінгі оқу демалысы кезіңіне бос орын) (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорынның атауы мен орналасқан орны: «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы 55/5, С 2.4.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын келесі функцияларды орындайды:
- «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы функцияларын жүзеге асыру;
- мемлекеттік басқаруды цифрлық түрлендіруді ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- Цифрлық үкімет кеңсесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру, сараптамалық-талдау және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білімнің болуы: Ақпараттық технологиялар және/немесе қолданбалы математика және информатика және/немесе бағдарламалық инженерия және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе компьютерлік ғылымдар және/немесе радиоэлектроника, автоматтандыру және есептеу техникасы және/немесе математика немесе физика (ақпараттық технологиялар саласында тәжірибесі болған жағдайда) және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе бизнес және/немесе құқық;
магистр академиялық дәрежесі және/немесе ғылым кандидаты және/немесе ғылым докторы, PhD ғылыми дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.
2) Кәсіпорын қызметіне сәйкес келетін басшы лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілімінің болуы;
3) Кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функциональдық міндеттер:
Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-шаруашылық қызметін басқару, қабылданған шешімдердің орындалуын, кәсіпорынның балансындағы мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді;
кәсіпорынның қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетігін айқындайды;
шарттар жасасады, мәмілелер жасайды, бөгде ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен операциялар жасайды, өкімдер, бұйрықтар шығарады;
кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, нарықтық конъюнктураның жаңалықтары мен өзгерістеріне жылдам әрекет ететін жұмыстар мен қызметтердің икемді және мобильді өндірісін дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;
кәсіпорынның тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуін және пайданың ұлғаюын, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға және ішкі нарық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
кәсіпорынның мемлекеттік бюджет, зейнетақы және сақтандыру қорлары, жабдықтаушылар, клиенттер мен кредиторлар, оның ішінде банктер алдындағы өз міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының), индикативті жоспарлардың көрсеткіштері мен бизнес-жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді;
кәсіпорын қызметі саласында жаңа технологиялар мен жабдықтарды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының қолданыстағы ғылыми негізделген нормативтерін, өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейі мен сапасын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістің барлық түрлерін ұтымды пайдалану және ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында нарықтың экономикалық жағдайын және тәжірибені зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;
кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау заңнамасының талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;
шаруашылық және әкімшілік басқару әдістерін, өндірістік және басқа да мәселелерді талқылау мен оны шешу жолдарын, өнімділік тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру жолдарын қамтамасыз етеді;
әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек ынтасын, бастамасы мен белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі;
кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді өзіне заңмен берілген құқықтар шегінде шешеді, қызметтің жекелеген бағыттарын басқаруды басқа лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ функционалдық-өндірістік бөлімшелерге жүктейді;
кәсіпорынның қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық қатынастарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеудің құқықтық құралдарын пайдалануын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуді, кәсіпкерлік (кәсіпкерлік қызмет) ауқымын сақтау және кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді;
сотта, арбитражда, мемлекеттік ұйымдарда және басқа да ұйымдарда кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүдделерін білдіреді, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзге де міндеттерді орындайды.
Конкурсты өткізу күні мен орны, сондай-ақ басқа да қажетті ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында – Интернетте www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан интернет-ресурста орналастырылған.