«Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, бұйрықтың жобасы пошта операторларының қызметтерін пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ПИН-код немесе QR-кодты оқу арқылы адресаттың келісімін алу арқылы пошта жөнелтілімін үшінші тұлғаларға тапсыру мүмкіндігі іске асыру бөлігінде өзерістер енгізуді көздейді. «Пошта жәшігі» ұғымы алынып тасталды, «құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі» ұғымы енгізіледі және осындай жөнелтілімдерге байланысты пошта операторларының жауапкершілігінің басталу шарттары нақтыланған.

Бұл өзгерістер пошта байланысы нарығының дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.

(04.04.2025-21.04.2025 аралығында қоғамдық талқылау)

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15508262 

Дата публикации
04 апреля 2025