Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, «ЭКСПО» ғимаратының С 2.4 блогы (пошталық мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С 2.4 блогы, «ЭКСПО» ғимараты анықтама телефоны: 8-7172-649-494, 8(701) 702-02-89, e-mail: dkpo@mdai.gov.kz) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  • Конкурстың өтетін күні мен орны: 2025 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, «ЭКСПО» ғимаратының С 4 блогы.
  • Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы-Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғ, 20, 3 қабат, телефон: 8 (7172) 248-650.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорын жүргізу болып табылады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) геодезия және картография және/немесе жерге орналастыру және/немесе кадастр және/немесе экономика және/немесе бизнес, құқық бағыттары бойынша жоғары білімінің болуы;
  • басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • Кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

- ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

- ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетігін айқындайды;

 - басқа ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер, операциялар жасайды, өкімдер, бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның мүддесін көздейді.

      - Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, жаңашылдықтар мен нарықтық жағдайдың өзгеруіне жылдам жауап бере алатын жұмыстар мен қызметтердің икемді және ұтқыр өндірісін дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;

      - ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатудың өсуін және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың отандық және шетелдік нарықтағы стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

- ұйымның банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер мен кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      - геодезия және картография саласындағы жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының қолданыстағы ғылыми негізделген нормативтерін пайдалану, өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейі мен сапасын арттыру, өндірісті қарқындатуды, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділікті арттыру, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында нарықтағы экономикалық жағдай мен тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметтін ұйымдастырады;

- Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

- Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге де мәселелерді талқылау мен шешуді, өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыруын қамтамасыз етеді;

- Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

- Ұйымның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнамада берілген құқықтар шегінде шешеді, қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды тұлғаларға, директордың орынбасарларына, филиалдардың, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелердің басшыларына тапсырады;

- ұйымның қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, қаржылық басқару және нарықтық жағдайларда жұмыс істеу, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесті (кәсіпкерлік қызметті) қолдау және ауқымын кеңейту мақсатында ұйымның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді;

- сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін білдіреді.

4) Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: 2025 жылғы 12 ақпаннан бастап 20 ақпанды қоса алғанда.

5) конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн ҚР ЦДИАӨМ және «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады – 2025 жылғы 12 ақпан.  

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

 

Дата публикации
11 февраля 2025