«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ТШСА/Сауд Арабиясында акселерация жөнінде консультантты іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Контракт №KZ-FPIP-CS-3B-2024/4
2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 2015 жылғы 9 маусымдағы № 8463-KZ Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ТШСА/Сауд Арабиясында акселерация жөніндегі консультантты іріктеу бойынша конкурс жарияланады.
Толық ақпарат осы хабарландыруға қосымшада берілген, мүдделі фирмалар төменде көрсетілген электрондық мекенжай бойынша толығырақ ақпаратты жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Астана қ. уақыты) ала алады.
Қызығушылық білдіру туралы өтінімдер 2024 жылғы 18 қазанға дейін info@fpip.kz электрондық мекенжайына қабылданады.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Қазақстан, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы., 55/7,
С 3.6. павильоны, 300 кабинет
E-mail: info@fpip.kz