Хабарлама

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арнайы құқықтар субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы шеңберінде ұсынылатын есептеуіш ресурстармен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифтерін бекіту бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарлайды. Тыңдаулар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тапсырысы бойынша 2024 жылғы 23 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де онлайн режимінде өтеді.

Тыңдауларға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.

Талқылауға қатысқысы келетіндерді тіркеу үшін +7(7172)649494 хабарласыңыз немесе өтінімдерді мына электрондық поштаға жіберіңіз: a.seitov@mdai.gov.kz Тыңдауға қатысу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жіберіледі. Қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 22 қазанға дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Сеитов Азамат +7(7172) 649494 a.seitov@mdai.gov.kz

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

https://www.nitec.kz/

Мукушев Дидас +7(7172)701 999 (3157), +77016667184 Didas.Mukushev@nitec.kz

Дата публикации
03 октября 2024