Келісімшарт №KZ-FPIP-CS-3B-2024/3
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 2015 жылғы 9 маусымдағы № 8463-KZ қарыз туралы келісімге сәйкес «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында, 2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған, ДипТек Акслерациясы бойынша Кеңесші іріктеу конкурсы жарияланады.
Аталған хабарландыруға қосымшада толық ақпарат берілген, қызығушылық танытқан фирмалар жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) төменде көрсетілген электрондық пошта арқылы қосымша ақпарат ала алады.
Қызығушылық білдіру туралы өтініштер 2024 жылғы 02 қыркүйекке дейін info@fpip.kz электрондық поштасына қабылданады.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
Қазақстан, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/7,
С 3.6 павильоны, 300-кеңсе
E-mail: info@fpip.kz