Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Жобаны басқару тобының 2 компонентінің бас менеджерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында 2 компоненттің бас менеджерін жалдау бойынша конкурс жариялайды.

Тапсырма 2024 жылғы 30 қазанға дейін есептелген. Тапсырыс беруші консультанттың қызметінің сапасына және жобаны іске асыру мерзіміне қарай келісім-шартты кейінгі жылдары ұзарту мүмкіндігімен, 2024 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімге келісімшартқа қол қоюға ниетті.

Мүдделі жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Астана қ. уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.

Мүдделілік білдіру туралы өтінімдер 2024 жылдың 21 мамыры сағат 18:00-ге дейін (Астана қ. уақытымен) info@fpip.kz электронды мекенжайы арқылы қабылданады, құжаттар түйіндеме түрінде орыс және ағылшын тілдерінде, барлық растаушы құжаттар тіркеліп, жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбында «Жобаны басқару тобының 2 компонентінің бас менеджерін іріктеу» көрсету қажет. 

 

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы

Қазақстан, Астана қаласы, 010000, Мәнгілік Ел даңғылы, 55/5,

павильон С 3.6, 3 қабат, 300 кеңсе

E-mail: info@fpip.kz

Дата публикации
14 мая 2024