Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан шегінен тыс елдерде жобаларды (стартаптар) технологиялық жеделдету бойынша консультант (ТШСА/Сауд Арабиясы) іріктеу бойынша ұзартылғаны туралы хабарлайды

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 2015 жылғы 9 маусымдағы № 8463-KZ Қарыз туралы Келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «KZ-FPIP-CS-3C-INDV-MENA/SAUDI ARABIA Қазақстан шегінен тыс елдерде жобаларды (стартаптар) технологиялық жеделдету бойынша консультант (ТШСА/Сауд Арабиясы)» іріктеу бойынша ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.

Қызығушылықты білдіру 2024 жылдың 10 мамыр, Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін info@fpip.kz және expert@fpip.kz электрондық пошталарына орыс және/немесе ағылшын тілдеріндегі түйіндеме түрінде растайтын құжаттармен қабылданады. Хаттың тақырыбы көрсетілуі тиіс: «KZ-FPIP-CS-3C-INDV-MENA/SAUDI ARABIA Қазақстан шегінен тыс елдерде жобаларды (стартаптар) технологиялық жеделдету бойынша консультант (ТШСА/Сауд Арабиясы)».

Іріктеу туралы қосымша ақпаратты Жобаның www.fpip.kz веб-сайтынан немесе info@fpip.kz электрондық поштасы арқылы ала аласыз.

Дата публикации
03 мая 2024